Қазақстанда 69 мыңнан астам жылжымайтын мүлік нысаны жария етілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ағымдағы жылдың 9 наурызындағы мәлімет бойынша 545 млн. теңгеден астам сомаға 69 мыңнан астам жылжымайтын мүлік нысаны жария етілді, деп хабарлайды www.primeminister.kz сайты еліміздің Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

«Қазақстан аумағында орналасқан 545 496,4 млн теңге сомаға 69102 жылжымайтын мүлік нысаны жария етілді», - делінген ведомство хабарламасында.

Оған қоса, жария етудің жалпы сомасы 870 940,2 млн теңгені құрады.

Атап айтқанда Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, құнды қағаздар - 2 462,0 млн теңге сомаға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы 18 қатысу үлесімен 4 690,0 млн теңге жария етілген.

«Аталған мерзімге дейін Қазақстан аумағында орналасқан мүлікті жария етуге 79 150 өтінім (798 268,2 млн теңге), елден тыс жерлерде орналасқан 46 мүлікке өтінім (1 229,0 млн теңге) келіп түсті», - делінген хабарламада.