Қазақстанда алдағы үш күн де боранды болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 13-15 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынады.

«Қазақстанда күрделі ауа райы жағдайы әлі сақталады. Олар бұрынғыдай республика аумағы арқылы өтетін атмосфералық фронттармен байланысты болады. Температураның күрт өзгеруі, қар жауу, 200-500 м көрінумен соққан бұрқасын, күшті жел және көктайғақ - міне осылар қазақстандықтарды алдағы үш тәулікте күтуде, ал батыс және оңтүстік облыстарда кей жерлерде (көрінуі  200 м кем) тұман басады», - деп жазылған хабарламада.