А.Рау, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда 2015 жылға қарай алтын өндіру мен қайта өңдеуді екі есеге дейін арттыру тапсырмасын қойғанын атап өтіп, бүгінгі күні алтын өндірісі бойынша қосымша бағдарлама (ред.-Геологиялық барлау бағдарламасына) әзірленіп жатқанын айтты.
Оның шеңберінде жер қойнауын пайдалану мен барлау жұмыстарын жүргізу, жаңа комбинаттар мен аффинаждау зауытын салу, осы салада жұмыс істейтін әлемдегі ең үздік өндірушілермен байланыстар орнату қарастырылып отыр. Ал қазақстандық компаниялармен жұмыстар бүгіннен басталып кеткен.
«Қазір бізде екі аффинаждау зауыты бар - «Қазақмыс» пен «Қазцинк». Қазақстанға негізгі бизнесі осы салаға бағытталған тағы бір зауыт керек», - деді ол.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан жылына 38 тонна алтын өндіреді. Меже жылына 75 тоннаға дейін арттырылған жағдайда, мемлекет әлем бойынша алдыңғы 10 елдің қатарына кіруі мүмкін.