Күтілетін жиынтық экономикалық тиімділік 2,6 триллион теңгеден асады. Мұндай көрсеткішке мыналардың есебінен қол жеткізу жоспарланып отыр:
- 1,9 трлн теңгеден астам сомаға негізгі тауарларды бәсекелестік биржалық негізде сату;
- көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алу кезінде тұтынушылардың шекті шығындарын 18 млрд-тан астам теңгеге қысқарту;
- бәсекелес орталықтандырылған сауда-саттықта электр энергиясын 350 млрд теңгеден астам сомаға өткізу;
- басқа да іс-шаралар.
Құжат жобасы 5 сәуірге дейін жалғасатын жария талқылауларға арналған Ашық НҚА ашық үкімет порталында жарияланды.