Сәрсенбі, 27 маусым күні Астанада Заречный кентінің аумғындағы «Нұра-Есіл» арнасына 19 жасар жігіт батып кетті. Оның денесі ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің 3 адамы мен 1 техникасының күшімен шығарылды.
Сол күні Астанада Пригородный кентінің ауданындағы «Нұра-Есіл» арнасына суға шомылу кезінде есімі анықталмаған ер адам суға батып кетті. Оның мүрдесін жер бетіне шығарумен ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің 3 адамы мен 1 техникасы айналысты.
27 маусым күні Алматы облысындағы Түймебаев ауылының ауданында орналасқан Алобент көліне 11 жасар бала батып кетті. Оның мәйіті ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің 3 адамы мен 1 техникасының күшімен шығарылды.
Сәрсенбі күні Ақтөбедегі қалалық жағажайда 27 жастағы ер адам мерт болды. Оның денесін жер бетіне көтеруге Ақтөбе облыстық ТЖД-нің 3 құтқарушысы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Сол күні Саран қаласындағы Ақтас кентінің ауданында орналасқан жасанды қазаншұңқырға шомылу кезінде 33 жастағы ер адам батып кетті. Оның денесін судан куәгерлер алып шықты.