Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов мәлім етті.
Елімізде бұқаралық спортты дамыту мәселесіне тоқталған ол: «Өткізілетін бұқаралық спорттық шаралар жыл сайын артып келеді. Өңірлерде бұл бағыттағы жұмыстарға жағдай жасауға кеңінен назар аударылуда. Мәселен, 2011 жылы 17 мыңға жуық спорттық бұқаралық шаралар ұйымдастырылса, 2012 жылы 3 млн. 600 мыңнан астам адамның қатысуымен 18 мыңнан астам шара өтті. Қазақстанда дене тәрбиесімен және спортпен айналысатын азаматтардың қамтылуы 21,6 пайызды құрады»,-деді агенттік басшысы.