АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда бұрғылау және өндіру ғылыми-зерттеу институты құрылады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовтің төрағалығымен өтіп жатқан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның алқа мәжілісінде компания басшысы Сауат Мыңбаев мәлім етті.
«Бұрғылау және өндіру ғылыми-зерттеу институты құрылады. Бұл барлау және өндіру саласындағы «ҚазМұнайГаздың» құзіретіндегі технологиялық орталық болады», деді компания басшысы.
Оның атап өтуінше, барлау, бұрғылау, өндіру, технологияларға қатысты барлық жобалық құжаттамалар аталған институтта дайындалатын болады.
«Институт олардың жалғыз әзірлеушісі болады. Ақтау мен Атыраудағы екі институт оның құрамына кіреді», - деді С.Мыңбаев.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.