Қазақстанда дәрі-дәрмектерге қойылар талаптар күшейтіледі

АЛМАТЫ. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Генериктер мен биосимилярларды көп қолдану емделушілер үшін қауіпті жағдайлар тудыруы мүмкін. Бұл туралы бүгін Алматыдағы баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық Медицина академиясының академигі, «Дәрілерді сараптау ұлттық орталығы» РМК Фармакологиялық орталық директоры Раиса Күзденбаева айтты.

«Генериктер мен биосимилярлар бәрібір де түпнұсқасындай бола алмайды. Оларды жасауда кеткен қандай да бір қателік қауіпті химиялық затқа апарады. Сондықтан, дәрі-дәрмек препараттарын тағайындайтын реттеу органдары мен денсаулық сақтау мамандары оларды әрдайым қадағалап, тіркеуден өткізулері керек», дейді ол.

Оның сөзіне қарағанда, генериктер - химиялық препараттардың, ал биосимилярлар - биологиялық препараттардың көшірмелері болып табылады. Генерик жасау оңай болғанмен, биосимиляр жасалуы үлкен қиындық тудыратын препарат. Себебі, оны өндіруде өте күрделі биотехнологиялық әдістемелер қолданылады. Бұл препараттар адам ағзасындағы инсулиндерге көмекші қызмет атқарады.

«Елімізде генериктер халықаралық станддарттарға сай тексеруден өткізілуі тиіс. Ал биосимилярларды тіркеу барысында түпкілікті тексерулерден өткізілуі керек. Себебі, ол препараттар адам денсаулығына қатты әсер етеді. Алайда, әзірге Қазақстан әлемдік диабетикада халқының басым бөлігінде инсулиндердің молшылығымен мақтана алады», деді өз кезегінде Қазақстан Диабетика қауымдастығының президенті Наталья Тукалевская.

Биологиялық препараттар уақыт өте келе маңыздылығын арттыруда. Оның нарықтағы қолданысының өсуі ақшалай есептегенде 2007 жылға дейін 15 пайызды құраса, 2014 жылы Қазақстанға басқа да биопрепараттардың импорттық ағымы ұлғаяды деп күтілуде.