Қазақстанда дарынды балалардың мәліметтер базасы жасақталуда ? ҚР тұңғыш Президенті жанындағы қор

АЛМАТЫ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Серік Тілеулесов/ - Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті қорында Алматы облысының Қарасай ауданында мектеп оқушыларының физика мен математикадан өткен олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.ҚР тұңғыш Прездиденті қоры жанындағы «Қарасай ауданының білім қоры» корпоративтік қоры қызметінің басты бағыттарының бірі ? оқуда жоғары табыстарға жеткен мектеп оқушыларына барынша қолдау көрсету болып табылады.Осы мақсатта қор О.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернатының көмегімен математика мен физикадан аудандық олимпиада өткізді. Аудандық олимпиадаға 48 жалпы білім беретін мектептердің оныншы-он бірінші сыныптарының 300 оқушысы қатысты. Олардың арасында он мектептен 15 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, жүлдегерлер арасында В.Г.Белинский атындағы орта мектептің алты оқушысы бар. Жеңімпаздарға грамоталар мен ескерткіш сыйлықтарды тапсырып, оларды құттықтаған ҚР тұңғыш Президенті қорының атқарушы директоры Бектас Мұхамеджановтың айтуынша, бүгінгі таңда дарынды мектеп оқушыларының мәліметтер базасы жасақталуда. Аудандық, облыстық және халықаралық олимпиадаларда жоғары нәтижелерге жеткен мектеп оқушыларына қор жоғары оқу орындарына түсуге көмектесуді жоспарлап отыр.