Бұл туралы бүгін Астанада өткен жиында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.
«Өздеріңіз жақсы білесіздер, оған сәйкес (автор - Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі), ел азаматтары денсаулық сақтау мекемесін өз еркімен таңдай алады. Бүгінде ондай мүмкіндікті науқастардың 30 пайызы пайдаланып отыр», - деп атап өтті С.Қайырбекова жиынға қатысушыларға қаратып айтқан сөзінде. Министр атап көрсеткендей, 2015 жылға қарай республика бойынша тағы 350 амбулатория, фельдшерлік-акушерлік бекеттер мен емханалар салынады.