АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың тамыз айында Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 25 667 теңгені құрады, бұл өткен айдағы көрсеткіштен 5%-ға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің хабарламасына сілтеме жасап.
Биылғы тамыз айында негізгі азық-түлік өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормасымен есептелген төменгі күнкөріс деңгейінің (ТКД) мөлшері 2016 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 19,3%-ға, тамыз айымен салыстырғанда 8,8%-ға артқан.
Төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымында ет пен балық сатып алу шығындарының үлесі 19,3%-ды құраса, жеміс-жидек пен көкөністер - 16,3%, сүт, май өнімдері мен жұмыртқа - 14,5%, нан және жарма өнімдері - 7,5%, қант, шәй, дәмдеуіштер шығыны - 2,4% көрсеткен.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.