Нәтижелер аймақаралық конференцияда Павлодардағы республикалық ғылыми-практикалық медициналық-әлеуметтік проблемалар орталығында сараланды. Онда нашақорлықтың және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға деген заманауи көзқарастар талқыланды.
Астанадан, Қостанайдан, Өскеменнен және Петропавлдан келген есірткіге тәуелділік жөніндегі мамандар, дәрігерлер, педагогтар, полицейлер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері жастар арасындағы жағымсыз қылықтардың алдын алу мәселелері бойынша пікір алмасты.
Ішкі істер департаментінің мәліметі бойынша, облыста алғашқы жартыжылдықта есепте 4,5 мың нашақорлар тұр, оның 152-сі - кәмелетке толмағандар.