Қазақстанда халықтық бірлік пен ынтымақтастықтың бірегей формуласы әзірленді

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанда халықтық бірлік пен ынтымақтастықтың бірегей формуласы әзірленді.

Бүгін Астанадағы  Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV Съезінің жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

«Қазіргі уақытта мұсылман әлемінде біржақты емес үдеріс жүруде . Бұл жерде қарқынды экономика да және  әлеуметтік саяси-проблемалары жеткілікті елдер де бар. Ислам адамзат баласының мәдени және материалдық құндылықтар мұрасының айбарлы әрі өсіп келе жатқан қабаты», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысының пайымынша, заманауи болашақта жаһандық қоғамдастықты ислам әлемінсіз елестету мүмкін емес. Оның кедергілі кез келген түрлері алысқа апармайды, тіпті қауіпті. Бұл ретте алып көпқырлы әлемде осы бөлікте орын алып жатқан оқиғаларға түсіністікпен қарауымыз қажет.

«Қазақстан мұсылман халқы басым тұратын ел. Ислам діні біздің халқымыздың  рухани тіректерінің бірі. Біз жалпы халықтық бірлік пен ынтымақтастықтың бірегей формуласын әзірледік. Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі бұл Қазақстанның бүкіл әлемге деген  қайырымдылық сыйы», - деді Н.Назарбаев.