Статистикалық мәліметтерге сәйкес, есепті кезеңде газ конденсатын өндіру 5,949 млн. тоннаны (-6,1%), көмір - 54,675 млн. тоннаны (-3,2%) құрады. Бұдан бөлек, елімізде қаңтар-маусым айларында жанармай өндіру 1,262 млн. тоннаны құрады. Бұл 2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 15,6 пайызға кем.
23:03, 12 Шілде 2013
Қазақстанда І жартыжылдықта мұнай өндіру 3,3 пайызға ұлғайды
АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанда қаңтар-маусым айларында мұнай өндіру 34,4 млн. тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,3 пайызға артық. Бұл туралы Статистика агенттігінің ай сайынғы есебінде жазылды.