Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, түнде Павлодар, Қарағанды облыстарында, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында жылдамдығы 15-22 м/с дейін жел соғады.
Түнде Қостанай облысының кейбір жерлеріне тұман түсуі ықтимал.
Ақмола облысының бірқатар аймақтарында көктайғақ болуы мүмкін.
Алдағы тәулікте Шығыс Қазақстан облысының таулы өзендерінде, соның ішінде Бұқтырма және тағы басқаларында жауын-шашынның мол түсуіне байланысты су деңгейінің көтерілуі мүмкін, жекелеген өзендерде тасқын болуы ықтимал. Қазақстанның солтүстік облыстарының су нысандарында су бетінің одан әрі салқындауы байқалады.