- Мұрат Мағауияұлы, қолданыстағы заңнамаға қандай өзгерістер енгізілетіндігін айтып берсеңіз.
- Бұл салада агенттіктің зор жұмыстар атқарғандығын бірден атап өткім келеді әрі біздің ұсыныстарымыздың басым бөлігі қазірдің өзінде жүзеге асырылуда. Мәселен, өткен жылы монополистердің инвестициялық міндеттемелерін бақылауды күшейтуге бағытталған заң қабылданды. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап салыстырмалы сараптама әдісі - бенчмаркинг әдісі бойынша өңірлік электр желілері компанияларының тарифтері бекітілді. Бұл әдістің маңызды басымдықтарының бірі - шешімдер қабылдау барысында «адами факторларды» барынша төмендету. Тағы бір жаңашылдық - қуаты төмен табиғи монополиялар субъектілерінің өтінім беру науқанынан ескерту сипатына көшуі. Инвестициялық тартымдылығын арттыру әрі реттелетін секторды жаңғырту аясында 2013-2015 жылдарға арналған су тарифтерін қалыптастыруда жаңа тетіктерді енгізудің кешенді жоспары қабылданды.
Қазіргі уақытта біз нормативтік базаларды оңтайландыру бағытында жұмыс жүргізудеміз. 80 нормативтік құқықтық актіге сараптама жүргізіліп, нәтижесінде оның 17-сі үш нормативтік құқықтық актіге оңтайландырылды. Бұған қоса, 13 нормативтік құқықтық акті мен 40 әдістеменің 16-сы жоюға қойылды.
- Нормативтік базаларға оңтайландыру жүргізу жайында тарқата айтып берсеңіз.
- Әрине, Мемлекет басшысы Үкімет пен «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасына меншік иесі ауысқан жағдайда жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды немесе цехты инженерлік желілерге қосу барысында техникалық шарттар беру мәселесін тыңғылықты шешуді тапсырған болатын.
Міне, осыған орай біздің агенттік басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, техникалық шарттарды «бір терезе» қағидаты бойынша беруді қарастыратын жоспар әзірледі. Техникалық шарттарды беру ережесі техникалық шарттардың толық тізбесін қарастырады әрі монополистердің қосымша талап ету мүмкіншіліктерін толығымен шектейді. Атап айтқанда, иенің ауысуы жаңа техникалық шарттар алу үшін себеп болмайды. Ендігі уақытта олар нысанның меншік иесіне емес, оның мекен-жайына ғана қатаң берілетін болады. Одан әрі қолжетімді таяу орналасқан нүкте жергілікті атқарушы органдардың, эксперттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен комиссия арқылы анықталады. Монополистерге жемқорлық мүмкіншіліктерін беретін шарттарды жою үшін пайдалануға беру және техникалық шарттарды беру мерзімін регламенттеу актісін хабарландыру сипатында енгізу қарастырылуда.
Жылдар бойы қордаланған келесі бір проблемалы мәселе негізгі құралдардың тозуы болып отыр. Бұл проблеманы тариф арқылы бір сәтте шешу мүмкін емес. Өйткені бұл реттелетін қызметтер тарифтерінің еселеп өсуіне әкеледі. Орын алып отырған жағдайдан шығудың жолы - даму институттары мен екінші деңгейлі банктерден инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін заем қаржысын тарту. Заем қаржысын тарту айтарлықтай әлеуетке ие. Ол қысқа мерзімде тарифтерге аз жүктелім түсіре отырып, кең ауқымда жаңғырту жұмыстарын жүргізуге мүмкіншілік береді. Нәтижесінде қызмет сапасы артып, шығын төмендейді, электр энергиясы мен материалдарды тұтыну қысқарады, өндірісті автоматтандыру енгізіледі. Өзіндік құнын төмендетудің тиімділігі есебінен реттелетін қызметтердің тарифтерін ұстап тұруға мүмкіншілік болады әрі жылсайын тарифтерге барынша аз жүктелім түсіре отырып, негізгі қарыздарды қайтару жүзеге асырылады. Бұл тұрғыда біз тозу деңгейінің жоғары болуына байланысты жылу желілері мен су арналарына баса назар аударамыз. Мен тариф қалыптастыру барысында ескерілетін шығыстарға, яғни монополистердің тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуларды жүргізу барысындағы проблемаларға ерекше назар аудартқым келеді. Бұл ретте көптеген проблемалы мәселелер бар. Сондықтан да біз монополистер сатып алатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің тізбесін әзірледік. Онда нарықтағы баға жайындағы мәліметтер түзіледі. Ол біздің веб-сайтымызда орналастырылатын болады. Аталған тізбе инвестициялық бағдарламаларды қарауда, табиғи монополия субъектілерінің тарифтерін бекітуде пайдаланылады. Тарифте бұл тізбеден жоғары болмайтын баға негізге алынады. Дегенмен, тауарлардың жоғары бағасын монополистер Сауда өнеркәсіп палатасының анықтамасымен қуаттай алады. Рәсімдерді жеңілдету аясында өтінмді электронды нұсқада беру мүмкіншілігі жасалатын болады.
- Қоғамның алаңдаушылығын туындататын мәселелердің бірі тариф қалыптастырудағы ашықтықтың жеткіліксіздігі екендігі белгілі. Ал бұл салада не өзгермек?
- Иә, бұл үнемі әсіресе, жария тыңдаулар өткізу рәсімдерінде сын тезіне ұшырайтын өте өзекті мәселелердің бірі екендігіне дау жоқ. Сондықтан да біз оларды өткізу бөлігінде заңнамаға бірқатар түзетулер әзірледік. Ендігі уақытта өңірде үлкен таралыммен шығатын газетте және телеарнада жария тыңдау өтетіндігі туралы хабарландыру берілетін болады. Ол өткізілгенге дейінгі 10 күнде жергілікті газетте тыңдауға шығарылатын мәселенің мәнін ашып көрсететін тезистер, тарифтің өзгеру себебі, монополистердің жұмыс қорытындысы және басқа да қажетті ақпараттар жариялануы тиіс.
Бұдан өзге де талаптар бар, яғни, тыңдауға қатысушылар монополист қызметкерлерінен құралмауы қажет.
- ТМРА қызметтерді тұтынуды есепке алу жүйесінің қандай болғандығын қалайды?
- Өзіңіз де білетіндей, 2017 жылы Қазақстан бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі «Болашақ энергиясы» тақырыбымен ЕХРО-2017 көрмесін өткізеді. Энергияны үнемдеу үшін, қаншама энергия тұтынылатындығын сенімді білу қажет. Ол қызметтердің шынайы көлемін анықтау тек қана есептеу құрылғыларымен жабдықталғанда ғана мүмкін. Бұдан бөлек, олар болған жағдайда энергияны тасымалдау барысындағы шығынды да анықтауға болады. Бүгінде еліміздің барлық тұтынушыларында электр энергиясын есептеу құрылғысы бар. Алайда аталған құрылғылардағы көрсеткіштерді алу тәуліктің әр түрлі уақытында немесе тіпті айдың әртүрлі күнінде жүргізіледі. Осыған байланысты есептеу құрылғыларының көрсеткіштерін бірмезетте алу проблемасы барлық өңірлік электр желілері компанияларында жоғары деңгейде орнатылған энергияны коммерциялық есептеудің автоматтанырылған жүйесін енгізу жолы арқылы шешілуі тиіс. Агенттік энергияны коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін енгізуді төменгі деңгейде жүргізуде. Бұл мақсаттарға 2013-2015 жылдарға шамамен 20,3 млрд. теңге қарастырылған.
Жылу энергиясын есептеу құрылғыларымен жабдықтау мәселесі біршама күрделірек. Елімізде жалпыүйлік есептеу құрылғыларының орнатылу деңгейі төмен. Ал тұтынылған жылу энергиясының сенімді есебінсіз энергия үнемдеу туралы айту асығыстық болар. Өйткені жылу есептеу құралы нақты тұтынғын жылуыңа ғана ақша төлеумен қатар тұтынушыларға тиесілі үйішілік жылу желісі мен құрал-жабдықтарды қоса алғанда барлық деңгейдегі энергия тиімділігі және энергия үнемдеу бойынша шараларды жүргізуге мықты ынталандыру болып саналады ғой. Ендігі уақытта бұл проблеманы тұтынушылар емес, қызмет көрсетушілер ғана шешетін болады. Алпауыт кәсіпорын есептеу құрылғылары теңгерімін ұстаушы болмақ. Ал тұтынушылар балансындағы есептеу құрылғыларын монополистер тұрғындардан қалдық құны бойынша сатып алады және қызмет көрсетуші есебінен күтімге алынады.
- ТМРА ұсынылатын тарифтерді зерделей ме? Қандай қызметтер коммуналдық қызметтер тарифіне аудит жүргізіп, оның құнын қуаттайды?
- Бірден айтып кетейін, тарифтерді бекіту тарифтерге қосылатын шығыстар бойынша қатаң шектеуді қамтитын заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Өтінімді қарау барысында эксперттерді, тұтынушыларды және қоғамдық бірлестіктерді тарту арқылы тарифтердің жобаларына сараптама жүргізіледі. Біз тұтынушылар құқықтарын қоғам арқылы қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарымызды күшейтудеміз. Біздер «Атамекен» одағы, Қазақстан тұтынушылар лигасы, «Көмекші» нарық субъектілерін қолдау бойынша алматылық қауымдастық сынды жетекші республикалық үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық туралы меморандум жасастық әрі барлық проблемалы мәселелерді жедел шешеміз. Соның арқасында өткен жылы тек қана табиғи монополиялардың 42 базалық субъектілерінің тарифтерге арналған өтінімдерін қарау барысында алпауыт кәсіпорындар сұрап отырған табыс 55 млрд. теңгеден астам қаржыға қысқарды.
Реттелетін тарифтердің өзгеруі Үкімет мақұлдаған инфляцияның жоспарлы дәлізін есепке ала отырып жүзеге асырылатындығы да маңызды. Бұл негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі. Егерде басқаша айтар болсақ, Қазақстанда коммуналдық қызметтер тарифінің бақылаусыз өсіміне жол берілмейді.
Мәселен, статистикалық мәліметтерге қарағанда, 2012 жылы тарифтерді өзгерту туралы шешім 1,9 пайыздық шекті жылдық мәнде жоспарланған инфляцияға 1,2 пайыз деңгейінде жиынтық үлес қосты. Осылайша, өткен жылы реттелетін тарифтердің инфляцияға ықпалы ұсталып тұрылды. Ал 2013 жылға Үкімет реттелетін қызметтерден 1,2 пайыз деңгейіндегі үлесті мақұлдандады.
- Мұрат Мағауияұлы, сұхбатыңызға рахмет!