«Әрбір елдің өз ерекшелігіне және даму деңгейіне сәйкес корпоративтік саяхаттағы қазіргі ағымдар әртүрлі. Оның кейбірі бірқатар елдерде өзгелерге қарағанда маңызды. Мәселен бір өңірде смартфондар мен планшеттер аса кең таралмаса, келесі аймақта керісінше. Сондай-ақ корпоративтік мәдениетте де әр аймақта өзіне тән әралуандық бар. Ол корпоративтік саяхатты басқаруға өзіндік ықпалын тигізеді», - дейді Abacus International компаниясының маркетинг жөніндегі вице-президенті Мартин Саймс. Оның айтуынша, корпоративтік саяхаттың дамуы негізінен шағын және орта бизнес арқылы өркендеуде. АҚШ пен Еуропа елдеріндегі ірі компаниялпардың шығыны мол. Сондықтан оларда Азия мен әлемнің өзге аймақтарына қарағанда бұл заңдық тұрғыдан да қатаң реттеледі.
23:08, 29 Қазан 2013
Қазақстанда корпоративтік саяхатты басқаруға қажетті инфрақұрылым қалыптасқан - Abacus International
АЛМАТЫ. 29 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанда корпоративтік саяхатты басқаруға қажетті инфрақұрылым қалыптасқан, онда мобильдік технологияларды қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Бизнес сапарларды ұйымдастыруда қалай үнемдеуге болады? - Бизнес сапарлар технологиясы мен саясаты арқылы» деген тақырыптағы Abacus корпоративті саяхаттар конференциясында (АСТС-2013) сөз болды.