Қазақстанда күн ашық болады

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық аумағы көлемді антициклонның ықпалында болады, жауын-шашын түспейді деп болжануда, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлiгінің баспасөз қызметi.

Атырау, күндiз Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысында, Алматы облысының Алакөл көлі аймағындағы кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейiн күшті жел, Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды боран тұрады.

Шығыс Қазақстанның басым аумағында, Қостанай, Солтүстiк Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл облыстарынының кей жерлерінде 0-5 градусқа дейiн күн суытады. Ақмола, Қостанай, Солтүстiк Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде түнде және таңертең тұман түседі деп болжануда.