Қазақстанда қыста картоп 300 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ірілі-ұсақты саудагерлердің тауар бағасына қоятын үстеме бағасын ескерсек, биыл қыста Қазақстандағы 1 келі картоптың бағасы 250-300 теңгеге дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл шаруалар картоп бағасы күрт қымбаттайды деп отыр. Бұған себептер көп, мәселен, еліміздегі және көрші елдердегі ауа ауа райы биыл егінге қолайсыз келді, өнімді жетілдіруге кететін шығындар көбейген. 1 гектар алқапта картоп өсіру үшін орташа 1 млн теңге жұмсалды, ал орташа өнімділік гектарына 230 центнерді құрады. Дәл қазір 1 келі картоптың көтерме бағасы 55 теңге, ал әдетте күз мезгілінде 35 теңгеден аспайтын.

55 теңге жағдайында шаруалар аздаған пайда көреді. Аз уақыттан соң картопты қоймаға сақтауға тура келеді: бұдан өнімнің 10%-і тағы да шығынға ұшырайды, оның үстіне сақтау шығындары да қосылады. Бұған шаруалардың картоп бағасының өсуін күтіп, әдейі өнімді сатпай ұстап отырғанын қосыңыз. Бұдан қыста картопқа қойылатын өндірісші бағасының орташа 90-130 теңге айналасында болады деп жорамалдауға болады.

Қыркүйек айының қорытындылары бойынша 2017 жылы Қазақстанда қиярдың бағасы күрт артқаны байқалды, тамызбен салыстырғанда - 20,4%. Ал кейбір көкөніс түрлері арзандаған: пияз - 24,8%, сәбіз - 14,9%, картоп - 9,7%, қызылша мен қырыққабат - 7,7%, қызанақ - 7,1%, сарымсақ - 4,3%. Жемістердің арасында тек маусымдық емес апельсин ғана 2,8% қымбаттаған. Басқа өнімдердің бағасы 1% шамасында ғана қымбаттаған. Біршама қымбаттады деп сүт өнімдерін айтуға болады: шикі және пастерленген сүт - 3,2% және айына 1,9%, ірімшік - 1,9%, қаймақ - 1,1%. Басқа түрдегі сүт өнімдері тамызбен салыстырғанда 0,5-1% төңірегінде қымбаттаған.

Қыркүйекте қымбаттаған өнімдердің ішінде балық және тоңазытылған балық та бар - айына 1,7%, балық консервілері де бар - 1,3%. Ірі қара еті - 1,2%, ірі қараның бауыры - 1,1%, шошқа еті - 1% қымбаттаған. Ет өнімдерінің бағасы көтерілген: жартылай сүрленген шұжық - 1,2%. Ал тауық еті аздап арзандаған - айына 0,1%.

Ұн өнімдерінен айтарлықтай қымбаттағандар: піспенан - 1,3%, пірәндік - 0,6%. Вермишель 0,6%, макарон 0,5% қымбаттаған. Жармалардан ең көп қымбаттағаны күріш болды - 0,8%, одан кейін арпа жармасы тұр - 0,6%. Қарақұмық жармасы арзандап жатыр - бір айда 2,6%, ал жылдық арзандау көрсеткіші 23,3%-ке жетті.

Қазақстанда тәттілер де арзандады: тамызбен салыстырғанда карамель - 1,2%, кәмпиттер - 1%. Ерекше атап айтатын жайт, қант бір айда бірден 10,5% арзандады. Арақ - 0,6%, ауыз су 0,2%-ке қымбаттаған.