Қазақстанда мекендейтін дала бүркітінің саны өсіп келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (ҚБСҚ) дала бүркітінің популяциясын зерттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысында экспедиция жұмыстарын жүргізген Игорь Карякиннің жетекшілігіндегі зерттеу тобы Қазақстан мен Ресейдегі дала бүркітінің популяциясына мониторинг жасаған. Нақтырақ айтқанда, Топар, Атасу мен Қорғалжың аумақтарын зерттеген.


Космотүсірілімдегі зерттелген аумақ

Ғалымдардың айтуынша, дала бүркітінің қазіргі популяциясын зерттеу кезінде көңіл көншітерлік тренд байқалмаған. Қазақстан мен Ресейде қазіргі таңда 26,0 - 36,7 мың ұя салған жұптың қалғаны анықталған. Орталық Қазақстанда шамамен 3 мың жұп бүркіт қалған көрінеді. Бұл әлем бойынша дала бүркіттерінің 8,24% екенін атап өту керек.

Экспедиция бағдары

Зерттеу нәтижесінде ғалымдар 2007-2017 жылдары Қарағанды облысында дала бүркіттерінің саны шамамен 27,08% азайғанын анықтаған. Алайда соңғы жылдары құстың бұл түрінің саны қайта қалпына келіп жатқан көрінеді.

2017 жылғы зерттеу бойынша анықталған дала бүркіттері: 1 - табылған ұялар, 2 - анықталған дала бүркіттерінің өзге аумағы.

Еске сала кетсек, дала бүркіті ҚР Қызыл кітабына енгізілген. Дала бүркіттерінің саны көп болғанымен, соңғы жылдары айтарлықтай азайып кеткен. Құстың бұл түрінің топтасып ұя салуы экожүйенің жайлы екендігін көрсетеді.