АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мемлекет алдындағы қарыз көлемі 220 млрд. теңгеден асады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті директорының орынбасары Саида Сағдат мәлім етті.
«Мемлекеттік сот орындаушыларының қарауындағы құжаттарға тоқталатын болсақ, мемлекет алдындағы қарыздың сомасы 227 млрд. теңгені құрап отыр. Бұған әкімшілік айыппұлдар мен мемлекеттік баж салығы, сондай-ақ мемлекетке келтірілген залал көлемі және басқа да қарыздар кіріп отыр», - деп атап өтті ол.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.