«Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылдану үш деңгейлі іріктеу негізінде ең төменгі лауазымға орналасу арқылы жүзеге асырылады», - деді ол.
Оның атап өтуінше, бұл жүйе заңнамаға енгізілген түзетулердің нәтижесінде енгізіліп отыр.
«Бірінші кезеңде кандидаттар заңнаманы білуіне және мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы тұру бойынша өкілетті органдардың базалық құндылықтарын білуіне тестіден өтеді. Екінші кезеңде агенттік кандидаттың жеке қасиеттерін бағалайды» - деді С.Ахметжанов.
Оның сөзіне қарағанда, үшінші кезеңде мемлекеттік органдар конкурс негізінде жеке әңгімелесу арқылы кандидаттың бейінді мамандық білімі мен дағдыларын бағалайтын болады.