Қазақстанда микробизнесті дамыту жұмысы қолға алынады

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанда кәсіпкерліктің жаңа үлгісі - микробизнес қолға алынатын болады. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысында ҚР Өңірлік даму министрлігі кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрайымы Ғалия Жолдыбаева мәлім етті.

Оның хабарлауынша, ондайда көмекке зәру кәсіпкерлер тобы анықталып, олардың ішінде өсу әлеуеті бар компанияларға мемлекеттік көмек көрсетіледі. «Бұдан басқа, министрлік кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу тұжырымдамасының жобасын әзірлеп шықты. Онда мемлекет, бизнес пен тұтынушылардың мүддесі арасындағы тепе-теңдікке баса назар аударылады. Бұл дегеніміз, мемлекеттік органдар қандай да бір реттеу шарасын енгізбес бұрын оның қаншалықты тиімді екенін дәлелдеп беруі тиіс. Осылайша, бизнестің де мүддесі барынша ескеріледі», - дейді Ғ.Жолдыбаева.