Астанада өтіп жатқан «Мұнай және газ: Қазақстандық қамту - 2013» форумы барысында ҚР Мұнай және газ министрлігінің жауапты хатшысы Қанатбек Сафинов осы мәселеге баса назар аударды.
«Әсіресе, бұл мәселе біздің үш ірі жобамыз - Қарашығанақ, Тенізшевройл және Қашағанға қатысты. Оларда тауар мен қызметтерді сатып алу конкурстары «ерекше» үлгіде өткізіледі. Ондай конкурстар қазақстандық тауар өндірушілер үшін жабық. Бұл жағдайды өзгертетін кез келді деп ойлаймын. Оның барлығын электронды форматқа ауыстыратын уақыт болды ғой», - деп атап көрсетті Қ.Сафинов.