Бұдан бөлек, құжатты қабылдау атом энергиясын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамту және оны реттеудегі атом энергиясын пайдаланатын мекемелерге қауіпсіздік деңгейінің талаптарын орындауға, оларды жүзеге асыруға кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, заң жобасы қоршаған ортаны қорғауды көздейді. Бұл ретте мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жауапкершілік уәкілеттілігін нақтылау арқылы қоршаған ортаны қорғаудың тиімді жолдары анықталады.
Екінші оқылымға әзірлеу барысында депутаттар заң жобасына бірқатар өзгерістер жасаған. Атап айтқанда, атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға, сондай-ақ апаттық жағдайлардың туындауына жол берген немесе қауіпсіздік талаптарын бұзған адамдарға кезектен тыс аттестаттау тағайындалатын болады. Бұдан бөлек, құжатта пайдаланылған ядролық отынмен жұмыс істеуге заңды тұлғалар ғана жберілетін нормалар да қамтылған.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.