Қазақстанда салық соттары құрылуы мүмкін - Президенттің қатысуымен өтіп жатқан кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кеңес

АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда біз салық соттарын құру бойынша әлемдік тәжірибені зерделеу үстіндеміз.

Бұл туралы бүгін кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне арналған кеңесте Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Аппеляциялық комиссияларды құру арқылы біз салық саласындағы дау-дамайларды сотқа дейін барынша қысқартуды көздеп отырмыз. Сондай-ақ, бүгінде арнайы салық соттарын құру бойынша әлемдік тәжірибе жан-жақты қаралып жатыр. Біз ол мәселені әлі талқылаймыз. Дегенмен, сот органдары ондай құрылымдарды қажет етуді», - деп атап көрсетті Елбасы.