Айта кетерлігі, онлайн-конференцияға сауал жолдаған оқырмандардың бірі еліміздегі футболдың дамуына көңілі толмайтындығын білдіріп, «Оған бөлінетін қаржыны нақты нәтиже шығатын спорт түрлеріне беруге болмас па екен?» деп сұраған еді.
Бұл сауалға министр: «Қазіргі уақытта Министрлік құзырлы органдармен бірге спорт саласын қаржыландырудың жаңа жүйесін әзірлеуде. Бұл жүйе басымды спорт түрлерін, спорт түрлерінің даму деңгейі мен географиялық ерекшеліктеріне қарап, қаржыландыруды көздейтін болады», - деп жауап берді.