Бұл туралы бүгін Астанада апталық брифингте ІІМ-нің Криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары Берік Біләлов хабарлады.
Солосенкоға Украинада кісі өлтіргені үшін 1 жыл бұрын халықаралық іздеу жарияланған. Украинаның ІІМ-нің берген ақпараты бойынша, Қазақстанның Криминалдық полициясы оны қолға түсірді.
«Ол Қазақстан республикасы аумағында тапсырыспен кісі өлтіруді жоспарлаған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр», деді Б. Біләлов.