«Қырғыстан СІМ хабарлайды, Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылында 18 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-алдын алу шаралары барысында ҚР ҚК 257-бабы 1-бөлімі бойынша (Лаңкестік топты құру және оған басшылық ету, оның қызметіне белсенді қатысу) 15.02.1976 жылы Қырғыз Республикасы Ош облысы Үзген ауданы, Үзген ауылында туған Қырғыз Республикасының азаматы С.П., ұсталды», - делінген Қырғыз СІМ таратқан хабарламада.
Бұның алдында хабарлағанымыздай, 2016 жылы 18 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті ҚР аумағында бірқатар лаңкестік актілер ұйымдастырмақ болған 4 адамнан құралған лаңкестік топты құрықтаған болатын.
17:18, 23 Тамыз 2016
Қазақстанда теракт ұйымдастырғысы келгендердің қатарында Қырғызстан азаматы болғаны анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстанда теракт ұйымдастырмақ болған лаңкестік топтың қатарында Қырғызстан азаматы болғанын растады.