2014 жылғы 100 мың тұрғынға шаққанда 4,9 жағдайдан 2025 жылы 0,9 жағдайға дейін азайған. Осы кезеңде аурудың таралуы 2,5 есе қысқарып, 100 мың тұрғынға шаққанда 105,9-дан 38,9-ға дейін төмендеді.
Шахимұрат Исмайыловтың сөзінше, бұл Ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламаны жүйелі түрде жүзеге асырып, молекулалық-генетикалық диагностика әдістерін енгізіп, туберкулезге қарсы тиімділігі жоғары жаңа препараттарды қолданып, профилактиканы күшейткеннің арқасында мүмкін болған.
— Қазақстанда туберкулезді анықтаудың жедел молекулалық-генетикалық әдісін енгізіп жатыр, тиімділігі жоғары жаңа препараттар қолданылып, профилактика жағы да жетілді. Бұл бізге END TB стратегиясының мақсатына сенімді түрде ілгерілеуге мүмкіндік береді, — деді Шахимұрат Исмайылов Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Ол туберкулезбен күреске салынған инвестициялар медицинаға ғана емес, экономикалық тұрғыдан да тиімді шешім екенін айтты.
— Туберкулезбен күреске салынған әр доллар медицина саласы үшін 43 АҚШ доллары көлемінде экономикалық пайда әкеледі. Ұлттық бағдарламаны тұрақты қаржыландыру денсаулық сақтау жүйесін тұтастай нығайтуға ықпал етеді, — деді ол.
Туберкулезге қарсы іс-шараларды негізінен мемлекет қаржыландырады. Бұл шамамен 96-97%-дай болады. Жаһандық қор жобаларының үлесі — 3-4%.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда туберкулезбен ауырғандар саны азайғанын хабарлаған едік.