Жаңа туылған нәрестелер саны жағынан бірінші орында Алматы қаласы тұр. Мұнда жылдың ең соңғы күні 83 бала дүние есігін ашты. Одан кейінгі орындарда тұрған Маңғыстау облысында - 51, Шығыс Қазақстан облысында - 43, Алматы облысында - 39, Жамбыл облысында - 36, Оңтүстік Қазақстан облысында - 28, Астана қаласында - 27 бала дүниеге келді.
Айта кету керек, Қазақстанда 2014 жылдың 31 желтоқсанында 820 сәби дүниеге келген.