Қазақстанда жаңбыр жауады деп күтілуде

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым аймақтарында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, кей жерлерде жел күшейеді деп күтілуде.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтері бойынша, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, күндіз Ақмола, Павлодар, Маңғыстау облыстарында жел жылдамдығы 15-24 м/с дейін күшейеді деп болжануда. Солтүстік Қазақстан облысында, күндіз Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с дейін күшеймек, түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі.

Түнде Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарына күн 0-3 градусқа дейін сууы мүмкін.

Қазақстанның оңтүстігінде, орталығы мен шығысында өрт қауіпті жағдай сақталуда.