«Қымызды сапыру қажет, желілік өндірісте мұны дұрыс жасай алмайды, - деді «Шәушен» КШ басшысы М. Дөненбаев. - Нәтижесінде қымызды ыдысқа құйғанда, бірінші құйылған қымыз сұйық болады, ал соңғылары қою, майлы болып кетеді. Бізде, оңтүстікте дүкендерде қымызға деген сұраныс жоқ, халық қымызханаға тапсырыс береді. Біздің облыста бөтелкеге құйылған қымыз өндірісі қымызханаға қарағанда аз өнім береді».
«Шәушен» КШ басшысы бөтелкеге құйылған қымыздың кәдімгі қымыздан дәмінің айырмашылығы жер мен көктей деп санайды.
«Айдар» КШ басшысы А. Қабылханованың пікірінше, Қазақстанда қымыз өндірісіне субсидия алу рәсімі аса күрделі. «10-15 млн теңге тұратын қымыз өңдеп, құятын желі қажет. Бұл шағын тіпті орта кәсіпкерлікке қол емес. Сонымен бірге әр цехтың өз коды болуы қажет, ал бұл ұзақ әрі күрделі жұмыс», - деді ол.
Жамбылдық бизнесмендер өңірлік кәсіпкерлер палатасына дәстүрлі тәсілмен қымыз өндіретін мамандарды субсидиялау ұсынысымен жүгінді.
Жамбыл облысы КП АӨК дамыту бөлімінің бастығы Н. Ерахыновтың айтуынша, тұқымдық мал шаруашылығын дамытуды субсидиялаудың қолданыстағы қағидасына өзгерістер енгізу, мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру бойынша тиісті ұсыныстар Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жіберілетін болады.