Оның айтуынша, биыл Астана мен Алматыда бір шаршы метр тұрғын үйдің құны 240 мың теңгеден аспайды, ал қалған өңірлерде - 200 мың теңге деңгейінен жоғарыламайды.
«Құрылыс салушыларға қойылатын негізгі талаптарға тоқталатын болсақ, тартылған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен жер телімінің және мемлекеттік сараптамамен жобалау-сметалық құжатнаманың болуы, 20 пайыздық жеке капиталының қатысуымен кірісуі қамтылған», - деді министр.
Аталған бағыт бойынша 2016 жылы 404 мың шаршы метр тұрғын үй салынбақ.