- Варвара, жеңіл атлетикаға қалай келдіңіз, спорттағы жолыңыз жайлы айтып өтсеңіз...
- Жеңіл атлетикаға анамның арқасында келдім. Ол - спорттың осы түрінен жаттықтырушы. Ата-анасы жаттықтырушы өзге балалар сияқты менде де немен айналысам деген айтарлықтай таңдау бола қоймады. Кішкентай кезімнен анаммен бірге оқу-жаттығуларға, жарыстарға баратынмын. Ал екінші сыныптан бастап балалармен бір топта жаттыға бастадым.
- Болашақ жоспарыңыз қандай? Үлкен спортта қаласыз ба әлде басқа іспен айналысасыз ба?
- Әзірше, болашаққа нақты жоспарым жоқ. Мүмкіндігінше бәрін қиюластырып, қарқынды түрде жаттығу жасаймын, орайы келгенде елімізде өтетін жарыстарда өнер көрсетуге тырысамын. Екінші жыл қатарынан Kids Athletics бағдарламасымен жұмыс істеп жүрмін. Біз мектептерде балаларды жаттықтырамыз. Сонымен қатар сауда-саттық саласында да жұмыс істеп, нәпақа табуға тырысамын. Өйткені, спорттан тапқан табысым толыққанды сапалы өмір сүруге мүлдем жетпейді.
- Бұл спорттағы ең қиыны не?
- Спорттың өзге түрлерінде кездесетін қандай да бір қиындықтар жеңіл атлетикада бар деп айта алмас едім. Бұл жерде мынадай үш фактор бір-бірімен қабысуы қажет шығар: спортшы мен жаттықтырушының жаттығуға және жеңіске жетуге ынтызарлығы, талант әрі еңбексүйгіштік. Егер осылар бір-бірімен үйлессе, онда ешқандай қиындық жоқ.
- Қандай жетістігіңізді айрықша мақтан тұтасыз?
- Соңғы уақытта бұрынғыға қарағанда өзімді спортшы ретінде көрсете бермейтін болдым. Ал нақты сауалыңызға келер болсам, ол Қазақстан рекордтары шығар. Мен өз рекордымды бірнеше рет жаңартқан едім. Меніңше, бұл - мақтануға тұрарлық көрсеткіш.
- Жалпы еліміздегі спорттың дамуына қандай баға берер едіңіз? Спортшылар мемлекет тарапынан қажетті қолдау алып отыр ма?
- Спорттың өзге түрлерінде не болып жатқанын білмеймін. Сондықтан жеңіл атлетика жайында айтайын. Соңғы 5-6 жылда дамуда жақсы нәтижелер бар. Өскемен мен Астанада жаңа манеждер салынды. Менің білуімше, таяу уақытта Алматыда да манеж ашылмақ. Бір ғана қолайсыздығы, манеж қаланың шетінде орналасқан және де жастарды ол жаққа қалай тарту керектігі түсініксіздеу. Диск, найза лақтырушыларға арналған жалғыз алаң «Алматы-Арена» маңында орналасқан. Ол да қаланың орталығы емес. Жаңа манеж де қаланың шетінде болмақ. Бұл балалар спортын дамыту үшін қолайсыздық келтіреді.
Сонымен қатар Қазақстанның жеңіл атлеттерін халықаралық жарыстарда қаржы жағынан қолдау көрсететін Altay Athletics club клубын атап өткім келеді. Меніңше, аталған клуб тарапынан қолдау болмағанда мүмкін мен де спортпен қош айтысар едім. Шығыс Қазақстан облысынан да зор қолдау бар. Анам Қазақстанның жасөспірімдерімен және жастарымен жұмыс істейтіндіктен құрама команданы киім-кешекпен қамтамасыз ету мәселесі де жақсара түскенін білемін. Жастар түрлі халықаралық жарыстарға жиі шыға бастады. Біз жасөспірім болған кезде киім-кешек мәселесінде қиындықтар болатын.
Мұнан бөлек, өзіме де қатысы болған жайтты атап өтсем деймін. Ол құраманың аға жаттықтырушыларының спортшыға ниеттестік проблемасы. Ел құрамасының сапына кіру және халықаралық жарыстарға бару үшін Қазақстан чемпионатын және ел ішінде жарыстардың жеңімпазы болу жеткіліксіз. Тек аға жаттықтырушылармен жақсы қарым-қатынаста болсаң болғаны. Бұл ретте спортшыларға және олардың жаттықтырушыларына жеке іш тарту немесе жақтырмау өз рөлін атқарады. Соңғы 10 жылда Қазақстан ішіндегі жарыстардың бірде-бірінде жеңілген жоқпын. Бұған қоса, елімізде маған теңесер бәсекелес те жоқ. Жеңіл атлетикада найза лақтыруды ешкім де дамытқысы келмейді. Қандай себебі бар екендігі де түсініксіз. Меніңше, спортшыға деген жеке жақтырмаушылық сияқты. Мұндай кезде қандай спорттық нәтиже жайында айтуға болады... Осындай жайт бірнеше рет болды. Аға жаттықтырушыларға қатысты осындай наразылық айтып отырған бірінші спортшы емеспін. Жарыстарға қатысып, нормативтерді орындайтын спортшылар бар. Бірақ, оларды чемпионаттарға апармайды. Оның орнына ештеңе тапсырмаған, норматив орындамаған адамдар барады. Соңғы жылдары жеңіл атлетикада осындай жағдай орын алып тұр.
- Қазақстан дағы бизнес спортшыларды қолдауға қаншалықты қызығушылық таныт ып отыр?
- Айтуға қиын. Футбол немесе өзге ойын түрлеріне бизнес қызығушлық танытатын шығар. Менің білмеуім де мүмкін. Бірақ бизнестің жеңіл атлетикаға қызығушылық танытқанын көрген емеспін. Спорттың өзге түрлерімен салыстыра қарағанда, біздің спорт түріміз өшіп бара жатыр. Яғни, танымалдығы жағынан айтқанда.
- Сізді еліміздегі ең сұлу спортшылардың бірі де п санайды. Мұндай мәртебеге қалай қарайсыз? Өзіңізге жұрттың мұндай назар аудару ы кедергі келтіре ме, әлде көмектесе ме?
- Мені 2019 жылы-ақ ең сұлу спортшылардың бірі деп мойындаған болатын. Бұл ертеректе болды және мұндай мәртебенің маған көмегі тиді деп айта алмаймын. Оның үстіне оған еш уақытта мұқтаж да болған емеспін. Өзіме жіті назар аударғанды соншалық жақсы көрмеймін. Табиғатым сондай адаммын.
- Келбетті спортшылардың көпшілігін ің әлеуметтік желілерде м иллиондаған жазылушысы бар. Сондықтан олар блогер болып жүр. Сізді де блогер деп айта аламыз ба?
- Өзімді блогермін деп айта алмаймын. Егер Instagram парақшамды қарасаңыздар, менде жазба өте сирек шығатынына көз жеткізесіздер. Әсіресе, қазіргі уақытта. Өйткені, жоғарыда атап өткенімдей, өміріме біреулердің назар аударғанын жақсы көрмеймін. Әлеуметтік желі де жүргізбеймін.
- Қазақстанның жеңіл атлетикасында ғы негізгі пр облема ларды атап бере аласыз ба?
- Бүгінге дейін сақталып отырған проблемаларды айтар болсам, ең біріншісі – бұл Қазақстанда спорттық база жоқ. Бізде жеңіл атлетикадан еліміздегі жарыстардың бәрі өтетін бір ғана кәсіби стадион бар. Ол Алматы қаласында (Орталық стадион) орналасқан. Бірақ, тіпті оның өзінде футболшыларға басымдық беріледі. Екіншіден, найза лақтыру алаңдары мен секторлар жоқ. «Алматы Аренада» біреу ғана бар. Орталық стадион жанындағы қосалқы алаңға биыл футболға арналған жасанды көгал төсеп тастады. Үшіншіден, жақын жерде жеңіл атлетиканы дамытуға арналған шағын стадиондар жоқ. Балалар үшін стадионның өте жақын болғаны маңызды. Төртіншіден, спортшыларды әлемдік деңгейге шығаруға қауқарлы кәсіби жаттықтырушылар тапшы. Бесіншіден, жасөспірімдер мен жастарды лайықты жалақымен қолдау қажет. Жеке өзімнің байқағаным, көптеген дарынды жас споршылар 16-20 жасында лайықты жалақының жоқтығынан басқа мамандықты таңдап жатады. Алтыншыдан, жеңіл атлетикада аға жаттықтырушыларды жасырын таңдау қажет. Өйткені, негізінен солар көптеген спортшының тағдырын шешіп жатады.
- Сұхбатыңызға рақмет!