Қыркүйек айымен салыстырғанда белсенді карталар 255 мың данаға ұлғайған. Бір жыл бұрын олардың саны 619 мың данаға аз болатын. Қолданыстағы карталардың 23,01 пайызы Алматыда, 7,04 пайызы Астанада, облыстардан жоғарғы көрсеткіш Қарағанды (8,98 пайыз), Оңтүстік Қазақстан (8,57 пайыз), Шығыс Қазақстан (7,86 пайыз), Павлодар (5,09 пайыз), Ақтөбе (4,92 пайыз), Алматы мен Қостанай (4,52 пайыз) және Жамбыл (4,41 пайыз) облыстарына тиесілі. Ал ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (2,56 пайыз), Батыс Қазақстан (3,21 пайыз), Ақмола (3,44 пайыз), Қызылорда (3,68 пайыз), Маңғыстау (3,97 пайыз), Атырау (4,17 пайыз) облыстарында тіркелген.
15:27, 09 Желтоқсан 2013
Қазақстандағы әрбір төртінші белсенді пластикалық карта Алматы қаласында қолданылады - «Ranking.kz»
АЛМАТЫ. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Ranking.kz» талдау қызметі мамандары әзірлеген талдау бойынша, қазан айында Қазақстанда қолданыстағы пластикалық карталар саны 6, 3 миллион дананы құрап, жылдық рекорд тіркелді.