Қазақстандағы аяздардың себебінен халыққа көмір жеткізу жоспары асыр орындалуда - ҚТЖ

АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 1-31 қаңтары аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасы тұтынушыларына 7 млн. 370 мың тонна көмір тиеді, - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«Көмірді тиеу 6 млн. 500 мың тонна жоспарынан 12 ℅ асып түсті. Былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда көмір тиеу 860 мың тоннаға немесе 13 ℅-ға өскен», - делінген компанияның дербес сайтында.

Көмірмен жоспарды асыра қамтамасыз ету Қазақстан территориясының көп бөлігіндегі ауа райының қолайсыздығы кезінде ерекше маңызға ие болып отыр.

Былтырғы мамыр айынан қаңтар айына дейінгі жылытатын маусымда 51 млн. 590 мың тонна көмір жоспарымен ҚТЖ ҚР тұтынушыларына 52 млн. 370 мың тонна, немесе 2 ℅-ға көп көмір жеткізді. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көмір тиеу 1 млн. 88 мың тоннаға, яғни 4 ℅-ға өскен.