«Қазақстандағы мыңжылдық даму мақсаттары» тақырыбында фотосуреттер байқауы жарияланды

АСТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы резидент-үйлестірушісінің кеңсесі «Қазақстандағы мыңжылдық даму мақсаттары» тақырыбына таңдаулы фотосуреттерге конкурс жариялады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат осы халықаралық ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мыңжылдық даму мақсаттарын 2000 жылы БҰҰ-ның Мыңжылдық Декларациясы саммитінде әлемдік көшбасшылар қабылдаған болатын. БҰҰ-ның барлық қатысушы мемлекеттері осы мақсаттарға 2015 жылы жетуге міндеттенді. Бұл бастамада халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ғаламшардағы әлемдік даму пробемаларын шешу көзделген.

Мыңжылдық даму мақсатттары 8 бағыттан тұрады. Олар:

- аштық пен қайыршылықты жою;

- жалпыға бірдей бастауыш білімді қамтамасыз ету;

- ерлер мен әйелдердің теңдігін көтермелеу;

- 5 жасқа дейінгі балалар өлімін қысқарту;

- аналар өлімін төмендету;

- АҚТҚ/ЖҚТБ, безгек және басқа да аурулардың таралуын болдырмау;

- экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету;

- даму мақсатында жаһандық әріптестікті қалыптастыру.

Конкурстың мақсаты осы сегіз бағытты фотосуреттерде айшықтап бейнелеу. Әрбір қатысушы 8 бағыттың әрқайсысы бойынша 2-3 суреттен ұсынуы (бір қатысушыға 24 фотосуреттен аспауы) тиіс  .

Таңдаулы жұмыстар бағалы сыйлықтармен атап өтіледі, сондай-ақ БҰҰ фотокөрмесінде пайдаланылады.

Жұмыстар 2009 жылғы қыркүйектің 10-ына дейін қабылданады. Конкурс нәтижесі 2009 жылғы қыркүйектің 15-інде шығарылады. Фотосуреттерді мына мекенжайға дискімен және «Фотосурет көрмесіне» деген белгімен жіберу қажет: 010000, Астана қаласы. Бөкейхан көшесі, 26, БҰҰ ғимараты. Дискіде аты-жөні және автордың байланыс мәліметтері көрсетілуі қажет.

Толығырақ мына телефондарға хабарласу қажет: 7 (7172) 59 25 50, ішкі. 2202 немесе 2222.