Президент лауазымына кіріскен алғашқ күндерден бастап Н.Назарбаев КСРО-ны реформалау ауқымында Қазақстанның саяси және экономикалық дербестігін нығайтуға бағытталған белсенді қадамдарды қолға алды және сонымен бірге халықтар арасындағы қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және тарихи байланыстардың күйреуіне жол бермеуде өзінің ерік-жігері мен табандылығын көрсетті.
Мемлекет басшысының тікелей қатысуымен өткен 20 жылдың ішінде елімізде зайырлы демократиялық мемлекетке қатысты барлық мемлекеттік және қоғамдық-саяси құрылымдар құрылып, ойдағыдай жұмыс істеуде. Қазақстан бүкіл Орталықазиялық аймақта және бұрынғы кеңестік кеңістікте өмірдің барлық саласында реформаларды алға жылжытуда көшбасшыға айналды. Оның халықаралық аренадағы беделі өлшеуіз өсіп, нығайды.
Соңғы кездегі маңызды оқиғалардың бірі - Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалыққа сайлануы болды - бұл Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесі екендігін тану ғана емес, сонымен қатар Батыстың дамыған елдері біздің елді Орталықазиялық аймақтағы көшбасшы деп біледі. Бұл туралы ірі халықаралық форумдардың ең мәртебелі мінбелерінен талай рет айтылды, соның ішінде жақында Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитте де атап көрсетілді.
Президент Н.Назарбаевтың Семей ядролық сынақ полигонын жабу және ядролық қарулардан бас тарту жөніндегі тарихи шешімдері әлемдік қоғамдастық алдында Қазақстанның ядролық қаруларды таратпау саласындағы көшбасшы ел ретінде айбынын асырды. Мемлекет басшысының ядролық қатерді азайту, ядролық материалдарға бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі бастамалары Саммит қатысушыларының толық қолдауына ие болды.
Дамыған елдердің көшбасшылары Қазақстанның ЕҚЫҰ құрылымдарының Ауғанстан проблемасын шешуге тереңдей тартылуында және жалпы алғанда Орталық Азия, соның ішінде экологиялық проблемаларды шешудегі Қазақстанның күш-жігерін жоғары бағалауда. Бұл туралы, атап айтқанда Саммит ауқымында сөйлеген сөзінде АҚШ Президенті Барак Обама да айтты.
Әлемдік қоғамдастық тарапынан сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту, демократиялық реформаларды тереңдету, азаматтық қоғам орнату жөніндегі сарабдал, дәйекті саясаты жоғары бағаға ие болды.
«Қазақстан Президенті осы бүкіл жиырма жылдың ішінде ТМД елдері арасындағы ең танымал саясаткер атанды. Осы барлық жетістіктер қазіргі Қазақстанның бұрынғы кеңестік кеңістіктегі саяси, конституциялық, эономикалық нормаларды орнықтырушы ретіндегі жауапты рөлін бекіте түсті. Нұрсұлтан Назарбаев бір басында интеллектуалдық инновациялар мен дәстүрлі бедел тоғысқан осы заманғы көшбасшының эталонына айналды», - деді Қазақстандағы президенттік институтының тарихы жөніндегі конференцияда Ресей Ұлттық стратегиясы институтының арнайы жобалар бойынша директоры, «Қазақстан» саяси жаңалықтар агенттігінің бас редакторы Юрий Солозобов.
Осы конференцида сөйлеген сөзінде Үндістанның Қазақстандағы елшісі Ашок Саджанхар: «Мені ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі, мінез қуаты, батылдығы, құштарлығы, интеллектуалдық қуаты мен энтузиазмы таңғалдырады және ерекше әсерге бөлейді» деген салмақты пікірін айтты.
Қолданыстағы Конституцияда белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық мәртебесі үш маңызды құрамдас бөліктен тұрады: біріншіден, президент мемлекеттік басшысы; екіншіден, президент Конституция кепілі бола отырып, мемлекеттік органдардың келісілген жұмысы мен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; үшіншіден, президент өкіметтің атқарушы тармағында айқындаушы орын алады. Қазақстандағы президенттік институты қазақстандық халықтың мемлекеттік бірлігін қамтамасыз етуі тиіс.
Ең алдымен, ол елдегі партиялық жүйені дамытудың қуатты ынталандырушысы және бағдары ретінде әрекет етеді. Бұдан басқа ол қоғамдық сананың құндылықтық бағдарында маңызды бетбұрыс жасады, дәйекті реформалар бағытын кепілдендіре отырып, демократияландыру үдерістерінің қайтымсыз болуына сенім ұялатты.
Президенттік институт арқылы көптеген дамыған демократиялардың өзіне елеулі сын болған ұлысаралық қатынастар проблемасын шешуде де Қазақстан шынайы демкоратиялық тың шешімдер тапты. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы мемлекеттің ұлт саясатын жоғары институционалдық деңгейге шығарды, көптеген ұлыстық проблемаларды әсіре саясаттандырмай-ақ тиімді шешуге мүмкіндік берді. Осы органды тікелей өзі басқара отырып, Президент Н.Назарбаев ұлтаралық келісім саясатының тиімділігіне өзі кепіл рөлін атқарды.
Саясаттанушылардың атап өтуінше, Қазақстандағы президентік институты елдің тоталитаризмнен декмократияға қарай өтуі кезеңіндегі тарихи, саяси, мәдени даму ерекшелігінен туындаған объективтік қажеттілік ретінде пайда болдды. Ол ұлттық қауіпсіздіктің, тәуелсіз Қазақстанның тәуелсіздігі мен тұтастығының кепілі бола отырып, демократиялық қайта құрудың басты құралы ретіндегі өзінің тарихи рөлін атқаруда.