Онсыз да әрең жүрген жануарды бала-шаға қызықтап әлек. Зообақ қызметкерлері де аюға түрлі тәтті ұсынып мәз. Ал туған күн иесінің өзі 7 ай бұрын анықталған дертінен әлі айықпапты, деп жазады КТК.
Естеріңізге салсақ, мамырда аюдың басының іскені, ал тістерінің шірігені анықталған еді. Содан ол әбден қиналған. Жөні түзу ем де көрмегенге ұқсайды.
Айта кетсек, ақ аю мұнда небәрі 1 жасында әкелінген екен. 26 жылдан бері осы Алматы зообағында өмір сүріп келеді. Соны алға тартқан бақ қызметкерлері кәрі жануарды емдеудің қажеті жоқ деп отыр.