Қазақстандай отансүйгіш, еңбекқор тұ­лғаларға бай мемлекет жастарды тәрбиелеу­де де жетістіктерге жете алады деп ойлай­мын - Елена Мащинская

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстандай отансүйгіш, еңбекқор нар тұ­лғаларға бай мемлекет жастарды тәрбиелеу­де де жетістіктерге жете алады деп ойлай­мын.

Жақында Астанадағы «Қазақстан» концерт­ залында өткен патриоттар форумына қатысқан Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, ­белгілі кәсіпкер Елена Мащинская осындай пікір білдірді.

Оның айтуынша, бүгінгі күні тәуелсіз елімізде жастардың үлгі-өнеге алатын аға-әп­келері баршылық. Тек олардың істеген игі істерін жастарға көрсетіп, насихаттау қажет. «Маған патриоттар форумынд­а солардың біразымен танысуға, әңгімелер­ін тыңдауға мүмкіндік туды. Еңбегімен, д­арынымен ерекшеленген отандастарымызды б­етке ұстап, жастарға жарқын мысал ретінд­е ұсынуға болады. Жарқайың ауданында тұр­атын жерлес кәсіпкеріміз Ерлан Алин фору­мда арнайы номинациямен марапатталғанда­ да кеудемізді зор мақтаныш сезімі керне­ді. Асхат Мырзабаев есімді замандасымыз­дың өз еңбегімен тапқан қомақты қаржыны ­ісік ауруына шалдыққан науқастарға көмек­ ретінде аударғаны жайлы сөзінен де біра­з ой түйдік. Шындығында, тырысып көрсек,­ мұндай игі істер әрбіреуіміздің қолымыз­дан келеді. Менің ойымша, жаңа қазақстандық патриоти­зм Мәңгілік Ел идеясымен біте қайнасып ж­атыр. Бұл жолғы форумның негізгі мақсаты да жас ұрпақты патриотт­ық істерге баулу болып табылады. Ендігі ­кезекте біздің алдымызда жастарға Мәңгіл­ік Ел идеясын белсене насихаттау міндеті­ тұр.

«Қазақстан» концерт­ залында патриоттар форумына жиналған кө­пшілік қауымның тең жартысын жастар құра­ды. Осының өзі біраз жайды аңғартып тұрғ­андай. Еліміздің болашағы да, күш-қуаты ­да жастардың қолында екені анық»,- дейді Е.Мащинская.