Қазақстандық маман үстел теннисінен 2026 жылы өтетін Азия ойындарында төрелік етеді

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Үстел теннисінен қазақстандық төреші, ең жоғары халықаралық санаттағы маман Тимур Ходжаев 2026 жылы Жапонияда өтетін Азия ойындарында төрелік етеді.

Жазғы Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында өтеді. 

Үстел теннисінен төрешілер құрамына халықаралық санаттағы Blue Badge төрешісі, қазақстандық маман Тимур Ходжаев (Қарағанды) енгізілді.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық төреші Азия чемпионаты мен басқа да ірі халықаралық жарыстарда қызмет атқарған болатын.

Еске салсақ, бұдан бұрын хабарлағанымыздай Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары кезінде келісілген матчтарды болдырмау үшін Адалдықты қамтамасыз ету бөлімінің құрылғанын жариялады.