25 метрге оқ атудан сынға түскен отандасымыз екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 10-орынға табан тіреді. Өкінішке қарай бұл нәтиже финалға шығуға жеткіліксіз болды.
Айта кетейік, финалдық кезеңге үздік алты спортшы ғана өтеді.
Еске салсақ, бұған дейін Никита Чирюкиннің іріктеу кезеңінің алғашқы айналымын сәтті өткізгенін жазған едік.