АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Әділ Ғалиахметов Дрезденде (Германия) шорт-тректен әлем кубогінің бесінші кезеңінде қола жүлдегер атанды.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Ә.Ғалиахметов 1 мың метр қашықтықта үздік үштікке ілікті.
Оңтүстіккореялықтар Пак Дживон мен Чан Сунву алғашқы екі орынға ие болды.
Тағы бір қазақстандық Денис Никиша 500 метр қашықтықта мәре сызығын бірінші болып қиғанымен, пенальти алып, жүлдесіз қалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).