Ол мұны шекара жасағының аға қызметкеріне айтты.
ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Жетісай» бақылау-өткізу бекеті бастығының бұйрығымен 1983 жылы туған ҚР азаматын тексерді. Осылайша құжаттар болған папкадан 10 000 АҚШ доллары, 30 000 теңге, 300 000 өзбекстандық сом көлемінде мағлұмдалмаған (декларацияланбаған) ақша табылды.
Ер адам мағлұмдалмаған (декларацияланбаған) ақша үшін ұсталды, аталған факт туралы құқық қорғау органдарына айтылды.