Бұл қазақстандықтар шыққан әлемдегі ең биік 14-ші шың, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Альпинистеріміз Лхоцзені бір күнде 2 рет бағындырған. Біріншісінде топ мүшесі Денис Урубко жалғыз өзі шыңның оңтүстік бөлігі арқылы шығып, Қазақстан жалауын желбіретсе, екіншісінде альпинистер тобы солтүстік бөлігі арқылы көтерілген. Аталған шыңды әлем альпинистері соңғы 50 жылдан бері бағындыруды армандап келгенін атап өткен жөн. Жерлестеріміз Лхоцзені бағындырумен қатар «Әлемнің ең биік 14 шыңы» бағдарламасын орындап отыр. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық шыңға шығушылар осы бағдарламаны әлемде ең бірінші болып орындап отыр. Бұған дейін бірде-бір топ әлемдегі ең биік 14 шыңды бағындырып көрген жоқ.