Сәуірдің 15-і күні түске дейін жарыс алаңына шыққан қазақстандық ауыр атлет Александр Зайчиков (85 келі) жұлқа көтеруде 144, ал серпе көтеруде 174 келіні бағындырып, алтын медаль олжалады.
Ал 94 келіде өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық ауыр атлет Ибрагим Берсанов бірінші жаттығуда 160, екіншісінде 185 келі салмақ көтеріп, күміс медальға ие болды.
Қазақстан ұлттық құрамасы жастарының еншісінде 5 медаль, атап айтқанда, 1 алтын және екіден күміс пен қола бар. Ал жалпы алғанда Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 10 медальге ие болды. Оның 3-еуі алтын, 3-еуі күміс, 4-еуі қола.