Қазақстандық ауыр атлеттер тағы бір «алтын» мен «қоланы» жеңіп алды - ауыр атлетикадан Азия чемпионаты

ТАШКЕНТ. Сәуірдің 12-сі. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Жасөспірімдер мен жастар арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионатының үшінші күні Қазақстанның ұлттық құрамасы тағы бір алтын және қола медальдармен толықты.

Жексенбі күні, сәуірдің 11-інде Қазақстан құрамасының екі ауыр атлеті өнер көрсетті. Оңтүстік Қазақстан облысының өкілі Болат Ыдырысов 85 килә салмақта алтын медальға ие болды.

Сондай-ақ қызылордалық Рүстем Субай (77 килә) қола медаль иегері атанды.

Бүгін түстен кейін қазақстандық спортшы қыздар Жазира Жапаргүл (69 килә) мен Анна Нұрмұхамбетова (69 киләдан жоғары) алаңға шығады.

ҚазАқпарат бұған дейін хабарлағанындай, бұл күндері Ташкенттің «Өзбекстан» спорт кешенінде 24 елден 200-ден астам ауыр атлеттер қатысып жатқан жасөспіірімдер мен жастар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтуде. Бүгінде Қазақстан жасөспірімдерінің қоржынында екі алтын және бір қола медаль бар.