Қазақстандық бессайысшылар Қырғызстанда халықаралық турнирде табысты өнер көрсетті

БІШКЕК.  Қыркүйектің  16-сы.  ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қазақстандық  бессайысшы-спортшылар    Қырғызстанда аяқталған       халықаралық   мемориалдық турнирде  табысты  өнер көрсетті.

Жасөспірімдер    арасындағы әлем  чемпионы  қырғызстандық  Юрий Хорошконы  еске алуға  арналған  жарысқа Қырғызстан,  Қазақстан,   Ресей  және Өзбекстан спортшылары  қатысты.

Ерлер арасында  қазақстандық  спортшы,   жасөспірімдер  арасындағы жарыста  да көш  бастаған  Владимир  Тепеньков    жеңімпаз  атанды. Ересектер мен  жасөспірімдер  арасында командалық  жарыста  та Қазақстан   құрамасы  жеңіске   жетті.