Жақында өткен баспасөз мәсдихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков ҚР-ғы білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қалай іске асырылып отырғаны және бұл саланың міндеттері туралы айтып, сондай-ақ қазақстандық БАҚ-дың сұрақтарына жауап берді.
Атап айтқанда, ҚазАқпарат тілшісінің ұйымдастырушылардың бұл съезден не күтетіні туралы сұрағына М.Сарыбеков форумның тақырыбына назар аудартты.
«Өткен жылы біз математика мұғалімдерінің съезін өткізсек, бүгін - химия және биология оқытушыларын жинадық. Өздеріңіз көріп отырғандай, бірінші кезекте біз динамикалық дамытуды талап ететін білім берудегі табиғи-ғылыми блоктың мәселелерін, міндеттері мен болашағын талқылаудамыз.
Соңғы зерттеулер Қазақстанда ТМД-ның көптеген елдеріндегідей гуманитарлық және табиғи-ғылыми білім беру арасындағы дамытудың белгілі бір үйлеспеушілігі байқалатынын көрсетеді. Әсіресе, бұл пәндерге деген уәж, қызығушылық мәселелерінде. ҰБТ тапсырудың мысалын алсақ та гуманитарлық цикл пәндері бойынша көрсеткіштердің жаратылыстану пәндерінен едәуір көп екенін көруге болады. Гуманитарлық жоғары оқу орындарындағы байқаулар жаратылыстану бойынша байқаулардан көп есе жоғары. Мемлекет басшысы біздің алдымызда бұл үйлеспеушілікті шешу міндетін қойды.
20 Назарбаев зияткерлік мектебі, оның ішіндегі 10-ы - математиканы, тағы 10-ы - химия және биологияны тереңдетіп оқу не үшін құрылған? Өйткені бұл қадам да басты мақсат - адамзаттың ілгереуінің, экономиканың дамуының, индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуының негізі болып табылатын табиғи-ғылыми білімді дамытуды көздеуде. Яғни бұл негізінде химиялық және биологиялық циклдегі бағдарламалар. Білім берудің дәл осы блогына басымдық жасалғаны да сондықтан.
Бұдан басқа, бізге зертханалық базаны жетілдіру мәселелерін анық қарастыру керек. Бүгінде әрбір аймақта бар білім сапасын қадағалау бойынша департаменттеріміз оқу-зертханалық жабдықтардың, химия және биология кабинеттерінің жабдықталуының мониторингін өткізді. Секциялық отырыстарда біз съезд қатысушыларына мониторинг қорытындыларын жариялаймыз, орта білім ұйымдарының материалдық-техникалық және оқу-зертханалық жабдықталу деңгейін талдаймыз»,-деді ол.